News

“ALMATY RESORT” ШИПАЖАЙЫНДА ДӘСТҮРЛІ АЛМА ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Халықаралық Алма күніне орай, бүгін «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі Алма фестивалі өтті.

Мерекелік іс-шараға шипажай демалушылары, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдер мен блогерлер, сондай-ақ өнер жұлдыздары қатысты. Фестивальді тамашалауға жиылған жұртшылыққа шипажай аспаздары алма жемісінен жасалған түрлі дәм ұсынып, арнайы дастархан жайды.

«Бүгінгі дастарханның ерекшелігі – барлық тағамдар алма жемісінен жасалды. Бәрі табиғи өнім, ешқандай қоспасыз әзірледік. Алманың бірнеше сұрпын қолдандық. Шырын да табиғи. 12 аспаздың қолынан шыққан дәм», – дейді жергілікті аспаз Толқын Ражан.

Шаһардың символына айналған жемістен жасалған инсталляция да көздің жауын алып, көпшіліктің көңілінен шыққаны байқалды.

Фестивальдің қадірлі қонағы ретінде шақырылған эстрада әншілері әннен шашу шашты. Әсем қаланың тарихы және оның алмамен байланысын баяндайтын тартымды да тағылымды әңгімелер айтылды.

Іс-шараға келген БАҚ өкілдері мен блогерлерге арнайы баспасөз сапары ұйымдастырылғанын да айта кетейік. Олар шипажайды аралап, мұндағы емдік процедуралармен танысты. Жергілікті дәрігерлермен әңгімелесіп, шипажай қызметі туралы ақпарат алды.

Алма фестивалі биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта дәстүрлі іс-шара қанат жайып, тақырыптық мазмұны да кеңейе түседі деп жоспарланған.

11.jpg 13.jpg